Франциялық боксшы Жоан Дюопа (39-7, 26 КО) қазақстандық Жан Кособуцкийден (18-0, 17 КО) нокаутпен жеңілгеннен кейін карьерасын аяқтамақ.
Ауыр салмақта WBC International титулы үшін айқас 22 мамыр Гамбургте (Германия) өтті.
Көзі ашылмай қалды. Ауыр салмақтағы қазақстандық нокаутпен жеңіске жетті
"Уақыт келді, достар. Денсаулық маңыздырақ. Бокста жүріп керемет әсерлер алдым - кездесулер, саяхат, чемпиондық айқастар. Мені мақтан тұту үшін қолымнан келгенін жасадым, енді өзіме уақыт бөлетін кез келді. Жаңа жобалар болады, бірақ, мені рингтен көрмейсіздер. Мені қолдағандардың бәріне алғыс білдіремін", - деп жазыпты "Рептилия" Instagram желісінде.