Бокс
23 маусым 2022 11:04

Қазақстандық нокаутшы салмақ өлшеу рәсіміне қатысты

©theheavyweightfactory.com

Супер ауыр салмақта ел намысын асқақтатып жүрген Иван Дычко (11-0, 11 КО) аргентиналық Кевин Эспиндоламен (7-3, 2 КО) айқасы алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Дычко 107,95 келі тартса, қарсыласы 115,66 келі болды.

Жекпе-жек кеші 23 маусымда Буэнос-Айресте (Аргентина) өтеді. Бұл Дычконың Probellum промоутерлік компаниясындағы алғашқы айқасы болмақ. Отандасымыз соңғы рет ринг төріне 2021 жылдың желтоқсанында шығып, ресейлік Александр Устиновты (36-6-1, 27 KO) бірінші раундта жеңген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport