Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) NAIZA TV Youtube-арнасына берген сұхбатында неге рингке ұзақтан бері шықпай жүргенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Бір жарым жыл тоқтап тұрмын. Біріншіден Қазақстанға жарақатпен келдім. Оның алдында Канадада бір жылдай қалдық, карантин болды. Ұлды болдық, сосын үйге қайту керек болды, ата-әжесі осында. Жоқ дегенде көрсетіп қайтамыз деп ойладық. Жарақат ауырлау болды, бірақ, қазір емделдім. Екі рет ұшпақ болғанда жолымыз болмай қалды. Бір рет Германияда ұшып тұрып, ары қарай ұшырмады, визамен қиындықтар болды. Екіншісінде де сол визадан кедергі. Алла қаласа жақында визамыз шығады. Қайтадан шетелге шығамыз, қазір жаттығу үстіндеміз. Сол жаққа барамыз жекпе-жек белгіленеді", - дейді боксшы.