Бокс
17 қыркүйек 2021 10:55
 

Қазақстандық нокаутшы "Пантераны" үш раундта берілуге мәжбүр етті

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық нокаутшы "Пантераны" үш раундта берілуге мәжбүр етті ©: twitter.com/MatchroomBoxing

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (17-1, 13 КО) "Пантера" лақап атты перулік Давид Сегарраны (34-6, 21 КО) жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (17-1, 13 КО) "Пантера" лақап атты перулік Давид Сегарраны (34-6, 21 КО) жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл кездесу 16 қыркүйек АҚШ-тың Монтебелло қаласындағы Hollywood Fight Nights бокс кешінде өтті. Айқас он раундқа есептелген болатын. Алайда Ахмедов бұл жекпе-жекте толықтай басымдық көрсетіп, техникалық нокаутпен жеңді - Сегарра үшінші раундтан кейін рингке шығудан бас тартты. 

Кейінгі рет Ахмедов рингке желтоқсанда шығып, эквадорлық Карлос Гонгородан (20-0, 15 КО) жеңіліп қалды. Бұл айқаста екінші орта салмақта IBO белбеуі сарапқа салынған болатын. Ал Сегаррамен айқас 1 тамыз Альбукеркте өтуі керек еді. Бірақ жекпе-жекке бір күн қалғанда перулік боксшы коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!