Қазақстандық нокаутшы келесі жекпе-жегіне дайындығын бастады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко (11-0, 11 КО) келесі жекпе-жегіне дайындығын бастады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко (11-0, 11 КО) келесі жекпе-жегіне дайындығын бастады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Жерлесіміз Майамиде (АҚШ) екі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған Майкл Мурердің қол астында жаттығады. Оқу-жаттығу жиындары бірнеше апта өтеді деп жоспарланып отыр. Өткен айда Дычко Probellum және Bulldog Boxing компаниясымен келісімшартқа отырған еді.
Еске салайық, Иван Дычко соңғы рет өткен жылдың желтоқсанындатАлександр Устиновпен жұдырықтасып, ресейлікті нокаутқа түсірді. Осылайша, Олимпиаданың екі дүркін қола жүлдегері кәсіпқой карьерасындағы 11-ші жеңісіне қол жеткізді.
Жарнама