Қазақстандық нокаутшы Жүкембаев жеңілмеген өзбек боксшымен жекпе-жекке шығуы ықтимал

12 қыркүйек 2020 14:14
Сурет: facebook.com/eottmboxing/
Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық нокаутшы Батыр Жүкембаев өзбекстандық Шохжахон Эргашевпен жекпе-жек өткізуі мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.

29- жастағы өзбек боксшы 18 кездесуінің барлығында жеңіске жеткен (16 нокаут).

29 жастағы Жүкембаев та жеңіліссіз келеді және қазақ боксшы да 18 жекпе-жек өткізген (14 нокаут)

Жүкембаев өнер көрсетіп жүрген Канададағы БАҚ мәліметінше, Эргашевпен жекпе-жек 19 қараша АҚШ-та өтуі ықтимал.

Айта кетейік, мұның алдында қазақ боксшы Америкада жұдырықтаса бастайтынын мәлімдеген және бірінші жекпе-жегін қыркүйекте өткізетінін құлақтандырған еді.
Жаңалықтар