Қазақстандық нокаутшы жеңілмеген неміспен айқасуы мүмкін

© Universum Boxing

Ауыр салмақта өнер көрсететін Жан Кособуцкийдің (18-0, 17 КО) командасы Германияның мықты боксшыларының бірі Агит Кабайелмен (22-0, 14 КО) кездесу өткізу үшін келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Vesti.kz.

Инсайдердің ақпараты бойынша, олардың кездесуі биыл өтуі керек.Одан бөлек, қазақстандықпен бірге жұмыс істейтін Universum Boxing промоутерлік компаниясы әлеуметтік желіде осы жекпе-жектің жанкүйерлерге қаншалықты қызық болатыны туралы сауалнама жүргізді.

29 жастағы Кабайел кәсіпқой боксқа 2011 жылы келген. 11 жылда ол 22 кездесу өткізіп, оның 14-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Кабайел өз салмақ дәрежесінде өте танымал боксшы болып есептеледі.

Естеріңізге сала кетейік, Жан Кособуцкий (18-0, 17 КО) соңғы кездесуінде франциялық Жоан Дюопаны (39-7, 26 КО) тізе бүктірген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport