"Батыр бізді тәнтті етті. Біз оған 2020 жылы чемпиондық жекпе-жек ұйымдастырғымыз келеді. Егер олар сол кезге дейін чемпион болып қалса, рингте кіммен көргілеріңіз келеді: Хосе Рамирес (WBC мен WBO) немесе Джош Тэйлормен (WBA мен IBF)", - делінген ұйымның Facebook желісіндегі хабарламасында.
Канаданың Монреаль қаласындағы өткен кейінгі жекпе-жегінде Жүкембаев Montreal Casino аренасында Рикардо Лараны екінші раундта нокаутпен жеңді.
28 жастағы Жүкембаев 18 жекпе-жегінің барлығында жеңді (14 нокаут). Ал Лара осымен оныншы рет жеңілді, сонымен бірге ол 22 кездесуде жеңіске жеткен (10 нокаут).