Жартылай жеңіл салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Евгений Павловтың (11-0, 8 KO) келесі жекпе-жегіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
WBC белбеуі сарапқа салынадыБұған дейін Павловтың 18 шілде күні АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Хановер қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығатыны хабарланған болатын. Оның қарсыласы колумбиялық Альбейро Паредес (14-2, 12 KO) болмақ.
Енді BoxRec.com мәліметінше, бұл кездесуде екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBC Continental Americas нұсқасы бойынша вакантты белбеу сарапқа салынады.
Үзілістен кейінгі оралуАлдағы жекпе-жек Евгений Павлов үшін 2026 жылғы екінші кездесу болмақ. Ол 25 сәуір күні АҚШ-тың Балтимор қаласында өткен айқаста америкалық Антонио Дантон Эл-кішімен (6-6-2, 2 KO) кездесіп, алты раунд қорытындысы бойынша төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жеткен еді.
Бұл жекпе-жек Павлов үшін 2023 жылдан кейінгі алғашқы кездесу болды.
Канеломен бірге жаттыққанЕвгений Павлов кәсіпқой рингте 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді және әзірге жеңілістің ащы дәмін татқан жоқ. Оның еншісінде 11 жекпе-жекте 11 жеңіс бар, оның сегізін нокаутпен аяқтаған.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы кезінде екінші орта салмақтағы әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Сауль "Канело" Альвареспен бір залда жаттығу жасаған.