Қазақстандық нокаутшы АҚШ-тағы алғашқы айқасы алдында қарсыласымен көз арбасты

©Universum Boxing

Жеңіліп көрмеген ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО) нигериялық Эфе Аджагбамен (17-1, 13 KO) көз арбасты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек Top Rank компаниясы жексенбі, 27 тамызда АҚШ-тың Талса қаласында ұйымдастыратын бокс кешінде өтеді. Бұл қазақстандық боксшының АҚШ-тағы алғашқы айқасы болады. 

Кездесудің жеңімпазы әйгілі британиялық Энтони Джошуамен (26-3, 23 KO) жекпе-жекке үміткер атанады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар