Екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Евгений Павлов (10-0, 8 КО) келесі жекпе-жегінің күні мен орнын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
26 жастағы Павлов 25 сәуірде АҚШ-тың Балтимор қаласында өтетін бокс кешінде рингке шығады. Кездесу алты раундқа жоспарланған және екінші жартылай жеңіл салмақ шегінде өтеді. Қазіргі уақытта қарсыласы әлі белгісіз.
Бұл Павлов үшін АҚШ-тағы екінші жекпе-жек болады. Ол алғаш рет АҚШ-та рингке 2022 жылдың маусым айында шыққан және сол кезде мексикалық Алексис Салидоны (2-4, 1 КО) екінші раундта нокаутпен жеңген.
Соңғы кездесуін Павлов 2023 жылдың мамырында өткізді. Ол мексикалық Кевин Родригес Гарсияны (3-19, 1 КО) бірінші раундта нокаутпен жеңді.
Павлов кәсіпқой рингте 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Қазақстандық спортшы бұрынғы абсолют әлем чемпионы, екінші орта салмақ дәрежесіндегі мексикалық Сауль Канело Альвареспен (62-2-2, 39 КО) бір залда жаттыққан.
Жарнама