Бокс
Бүгін 12:32

Қазақстандық мықты боксшы АЧ-де үшінші раундқа шыға алмады

©

Бүгін, 30 наурызда Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан құрамасынан алғаш болып рингке 51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Жазира Орақбаева шықты. Оның қарсыласы КХДР өкілі Кум Бол Ан болды.

Шешуші үшінші раундта қазақстандық боксшы жарақат алып, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Соның нәтижесінде жеңіс Кум Бол Анға берілді.

Бүгін рингке Элина Базарова (54 кг) шығады. Ол Үндістан өкілі Прити Притиге қарсы жұдырықтасады.

Айта кетейік, турнир World Boxing ұйымының қолдауымен өтіп жатыр және 10 сәуірге дейін жалғасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport