Бокс
5 наурыз 2021 09:36

Қазақстандық Мәдиев WBO титулы үшін айқаста пуэрторикалық "Зорродан" жеңілді

Руслан Мадиев. Сурет: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев Пуэрто-Рикода өткен бокс кешінде "Зорро" лақап атты жергілікті Даниэлито Зорильядан жеңілді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Он раундқа есептелген айқаста бірінші жартылай орта салмақтағы WBO NABO титулы сарапқа салынған еді. 

Жекпе-жек сегізінші раундта тоқтады. Мәдиев қарсыласының қарақұсынан соққы жасады, дәрігерлердің кеңесінен кейін Даниэлито айқасты жалғастырмайтын болды. Осылайша, үш төрешінің екеуі пуэрториколық боксшы басым болды деген шешіммен Зорилья жеңді. 

Қазақстандық боксшы үшін бұл карьерасындағы екінші жеңіліс, 13 кездесуінде ол жеңіске жеткен. Ал оның қарсыласы 15 кездесуінің бәрін сәтті өткізіп, жеңіліссіз келеді.