Қазақстандық кәсіпқой Бек Нұрмағанбет (15-0, 13 KO) АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Суперорта салмақтағы он раундқа жоспарланған жекпе-жекте ол америкалық Стивен Самптермен (11-2-1, 9 KO) жұдырықтасты.
Екінші раундта Нұрмағанбет қарсыласын есеңгіретіп татсады. Ал үшінші раундтың соңына қарай америкалық боксшының командасы қатты қан кетуге байланысты жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Бек техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Еске салайық, Бек Нұрмағанбет екінші орта салмақтағы абсолют чемпион Сауль Канело Альварестің (63-2-2, 39 KO) залында жаттығады және оның тұрақты спарринг-серігі.