Бокс
11 қыркүйек 11:03
 

Қазақстандық кәсіпқойдың қарсыласы үшінші раундта айқастан бас тартты

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық кәсіпқойдың қарсыласы үшінші раундта айқастан бас тартты ©instagram.com/nurmaganbet.bek.kazbekuli/

Қазақстандық кәсіпқой Бек Нұрмағанбет (15-0, 13 KO) АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық кәсіпқой Бек Нұрмағанбет (15-0, 13 KO) АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Суперорта салмақтағы он раундқа жоспарланған жекпе-жекте ол америкалық Стивен Самптермен (11-2-1, 9 KO) жұдырықтасты.

Екінші раундта Нұрмағанбет қарсыласын есеңгіретіп татсады. Ал үшінші раундтың соңына қарай америкалық боксшының командасы қатты қан кетуге байланысты жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Бек техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Еске салайық, Бек Нұрмағанбет екінші орта салмақтағы абсолют чемпион Сауль Канело Альварестің (63-2-2, 39 KO) залында жаттығады және оның тұрақты спарринг-серігі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!