Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет пен аргентиналық Лукас Брайан Ариэль Бастида арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жоспар бойынша кездесу 25 сәуір күні Сантьяго қаласында өтіп, WBA нұсқасы бойынша Continental Americas белбеуі үшін жекпе-жек болуы тиіс еді. Алайда Бек Нурмаганбет жарақат алып, айқастан бас тартуға мәжбүр болды.
Айта кетейік, соңғы рет Бек Нурмаганбет 2025 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегас қаласында шаршы алаңға шығып, америкалық Стивен Самптер қарсыласын үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.
Жарнама