Жарнама

Бокс
Бүгін 11:39
 

Қазақстандық кәсіпқой боксшы кезекті жекпе-жегін өткізеді

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық кәсіпқой боксшы кезекті жекпе-жегін өткізеді ©instagram.com/pavlov_pablo_/

Қазақстандық боксшы Евгений Павлов (11-0, 8 КО) жақын арада кәсіби рингке қайта оралады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Евгений Павлов (11-0, 8 КО) жақын арада кәсіби рингке қайта оралады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек күні белгілі болды

BoxRec.com дерегіне сәйкес, қазақстандық боксшының келесі айқасы 18 шілде күні АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Хановер қаласында өтеді. Әзірге қарсыласының есімі жарияланған жоқ.

Соңғы жекпе-жегі қалай өтті?

Еске салайық, 25 сәуірде Евгений Павлов Балтиморда өткен бокс кешінде америкалық Антонио Дантон Эл-кішісімен (6-6-2, 2 КО) қолғап түйістірген болатын. Алты раундқа созылған жекпе-жекте қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жеткен еді.

Бұл кездесу Павлов үшін 2023 жылдан кейінгі кәсіби мансабындағы алғашқы жекпе-жек болды. Осылайша Евгений Павлов жазда өтетін келесі айқаста жеңісті сериясын жалғастыруды көздеп отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!