Бокс
26 маусым 2019 10:01
 
Қазақстандық кәсіпқой боксшы ашуына тиген журналистің бетіне су шашып жіберді

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық кәсіпқой боксшы ашуына тиген журналистің бетіне су шашып жіберді © Main Events

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев (12-0, 6 КО) "Уақыт көрсетеді" бағдарламасы кезінде өзін ұстай алмай қалды.

Сұхбаттың 25-ші минутында жүргізуші кәсіпқой бокстың қаупі жайлы сөз бастады. Ол 2013 жылы кубалық Майк Перестен жеңіліп, комаға түсіп қалған ресейлік Магомед Абдусаламовтың оқиғасын еске алды. 

Абдусаламовтың жұбайы, Баканай, оны тастап кетпей, бір күндері боксшы аяқтан тік тұрып кетеді деген үмітін үзбеуде. 2017 жылы қыркүйекте боксшының отбасы Нью-Йорк штатынан дәрігерлік қателік үшін 22 миллион доллар өтемақы өндіріп алған.

"Сол Магомедтің орнында өзің болатын болсаң, әйелің кетіп қалмай ма, төркініне?" - деп сұрады журналист Әшкеевтен, осыдан кейін боксшы оның бетіне су шашып жіберді.

Боксшы сұхбатты тоқтатып тастады, ал журналист арадағы жігітше әңгіме болған деп ақталғысы келді.

Еске салайық, 30 жастағы Әшкеев 5 шілде Алматыда өтетін бокс кешінде 34 жастағы эстониялық Павел Семеновпен (24-11-2, 9 КО) жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекке Әшкеевке тиесілі NABF Junior белбеуі және бірінші орта салмақтағы Ұлттық бокс қауымдастығының титулы тігіледі.

Ал шоудың басты оқиғасында Қанат Ислам (25-0, 20 КО) мен доминикандық Хулио де Хесус (28-1, 27 КО) жекпе-жек өткізеді.

Жарнама

Живи спортом!