Бокс
30 қазан 09:19

Қазақстандық жас боксшылар әлем чемпионатында бір күнде 8 жүлде жеңіп алды

©Kazakhstan Boxing Federation

Будвада өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында жартылай финалға жеткен қазақстандық боксшылар анықталды. 

1/4 финалда Диас Берікбай (48 кг), Төрехан Сабырхан (67 кг), Санжарәлі Бегалиев (75 кг) және Расул Асанханов (92 кг) сәтті өнер көрсетті.

Қыздар арасында 1/2 финалға Әнел Әбдірәсілова (48 кг), Аружан Жанабаева (63 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг) және Аружан Зейноллаева (81 кг) өтіп отыр. Ал Мария Сидоренко (70 кг) жеңіліп қалды.

Айта кетейік, жартылай финалға жеткен боксшылар кемі жарыстың қола жүлдесіне ілігеді. Бір сөзбен айтқанда Қазақстан бір жарыс күнінде сегіз жүлде алып отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport