Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында бокстан ширек финалдық жекпе-жектер жалғасуда.
Бүгін, 10 қарашада Қазақстан атынан шаршы алаңға Бибарыс Әшірбай шықты.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Бангладеш өкілі Нойон Трипура Джанимен кездесті.
Нәтижесінде Бибарыс Әшірбай қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 5:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетейік, бұған дейін Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) 1/2 финалға өткен еді.