Қазақстандық Елеусінов пен Арман Рысбек бір-бірімен жекпе-жекке шығады

Арман Рысбек. Сурет: Vesti.kz©

Қазақстандық боксшылар Дәурен Елеусінов (8-1-1, 7 КО) және Арман Рысбек (7-1, 6 КО) бір-бірімен жекпе-жекке шығады. Бұл туралы боксшылардың ісін жүргізетін MTK Global компаниясы хабарлап отыр. 

Бокс кеші 10 шілде Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында өтеді. 

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің ағасы Дәурен бастапқыда өзге қазақстандық боксшы Михаил Коханчикпен жұдырықтасу керек болатын. Алайда Михаилды жексенбі күні пышақтап кеткен. Боксшы қазір ауруханада. 

Жекпе-жек алдында пышақтап кеткен қазақстандық боксшының жағдайы мен оқиғаның мән-жайы айтылды

Еске салайық, қарсылас болып отырған екі қазақстандық та 2020 жылы карьерасында алғаш рет жеңілді. Дәурен орта салмақта WBC International титулы үшін айқаста мексикалық Хуан Карлос Рэйгосқа есе жіберді. Ал Арман екінші орта дивизионда жұдырықтасып, белоруссиялық Михаил Долголевецтен нокаутқа түсті. 

Жаңалықтар