Қазақстандық екінші боксшы Азия чемпионатының алтынына айқасады

Сурет: olympic.kz

Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

69 келі салмақтағы жарыстың 1/2 финалында қазақстандықтың қарсыласы моңғолиялық Баттумур Мишеелт болды. Үш раунд қорытындысы бойынша Абылайхан жеңіске жетті. 

Жүсіпов 2017 және 2019 жылғы әлем чемпионаттарының қола жүлдегері екенін айта кетейік. 

Мұның алдында Қазақстан құрамасынан финалға Даниял Сәбит шықты, ал Сәкен Бибосынов қарсыласына есе жіберіп, турнирдің қола жүлдегері атанды.