Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы Әлем кубогының екінші кезеңінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
51 келіге дейінгі салмақтағы 1/8 финалдық жекпе-жекте Балкибекова Венесуэла боксшысы Ирисмар Кардосомен қолғап түйістірді.
Қазақстанның екі дүркін әлем чемпионы кездесу барысында қорғаныста да, шабуылда да сенімді өнер көрсетіп, төрешілердің 4:1 есебіндегі шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бүгін Әлем кубогында ерлер арасында Санатәлі Төлтаев (65 келі) Англия боксшысы Патрис Мугалзаимен кездеседі.
Ал әйелдер арасында жартылай финал жолдамасы үшін Назым Қызайбай (54 келі) шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы - Польша боксшысы Виктория Рогалинска.