Бокс
Бүгін 10:10

Қазақстандық екі дүркін әлем чемпионын Азиада финалына өткізбеді

©ҚБФ

Қазақстандық Алуа Балқыбекова Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының финалына жете алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жартылай финалда ол вьетнамдық Нгуен Тхи Тамға 0:5 есебімен жол берді. Осылайша, Балқыбекова елге қола жүлдемен оралады.

Айта кетейік, Алуа 2025 жылғы World Boxing және IBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы, сондай-ақ Азияның екі дүркін чемпионы (2021, 2022).

Бүгін Қазақстан атынан тағы үш боксшы өнер көрсетеді:

1/2 финал

10:15. 75 келі: Наталья Богданова - Ловлина Боргохаин (Үндістан);

10:30. 55 келі: Махмұд Сабырхан - Карло Паалам (Филиппин);

11:00. 70 келі: Төрехан Сабырхан - Шавкатджон Болтаев (Өзбекстан).

Айти мен Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарындағы бокс жарыстары 21 қыркүйекте басталып, 2 қазанға дейін жалғасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport