Қазақстандық екі дүркін әлем чемпионы өзбек боксшыны жеңіп жартылай финалға шықты

Сурет: Olympic.kz

Қазақстандық боксшы қыз Назым Қызайбай Дубайда өтіп жатқан Азия чемпионатындағы бірінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz

51 келі салмақта жарыстың 1/4 финалында ол өзбекстандық Турсуной Рахимовамен кездесу өткізді. Үш раунд қорытындысы бойынша Назым төрешілердің бөлек шешімімен (3:2) жеңіске жетті.

Жартылай фианға өткен қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жүлдесіне ілігіп отыр. Келесі кезеңде қарсыласын жеңсе, Назым алтын үшін таласады. Жеңілген жағдайда күміс жүлдегер атанады.  

Еске салайық, 27 жастағы боксшы қыз 2014 және 2016 жылдары әлем чемпионы болды. Екі жүлдені де ол 48 келіде иеленген.