Қазақстандық екі чемпион әлемдегі ең мықты боксшылар тізіміне кірді

©

Worldboxingnews.net порталы салмағына қарамастан (pound-for-pound) әлемдегі ең мықты 50 боксшының тізімін жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл тізімге бірден екі қазақстандық боксшы кірді - Геннадий Головкин және Жәнібек Әлімханұлы. 

Тізім 2023 жылдың қаңтарына жасалған, демек боксшылардың кейінгі айқастары есепке алынған болса керек. 

Рейтингте бірінші украиналық Александр Усик. Екінші жапониялық Наоя Иноуэ, үшінші - мексикалық Сауль "Канело" Альварес.

Толық тізіммен мына жерден танысуға болады.

Орта салмақта WBA Super, IBF және IBO титулдарына ие Головкин 27-орында. Осы салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 48-орында тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport