Бокс
Кеше 21:47

Қазақстандық екі бірдей боксшы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды

©ҚБФ

Қазақстандық Дәулет Төлемісов пен Жансері Көшербаев World Boxing ұйымдастыруымен өтіп жатқан 2026 жылғы Әлем кубогын ерте аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жансері Көшербаев 1/16 финалда ирландиялық Джуд Галлахермен кездесті. Жекпе-жек толық үш раундқа созылып, нәтижесінде төрешілер шешімімен ирландиялық боксшы жеңіске жетті.

90 келіге дейінгі салмақта Дәулет Төлемісов 2025 жылы Ливерпульде өткен әлем чемпионатында күміс алған бразилиялық Фильо Исайасқа жол берді. Төрешілер 5:0 есебімен жергілікті боксшыны жеңімпаз деп таныды.

Еске салсақ, бокс бойынша Әлем кубогының алғашқы кезеңі 20–26 сәуір аралығында өтеді. Қазақстан бұл жарысқа 16 боксшы жіберген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport