Қазақстандық екі боксшының финалға жолдама үшін айқасына трансляция

©ҚБФ

Бүгін, 4 қазанда Қазақстан құрамасының екі боксшысы Ханчжоудағы Азиаданың финалына жолдама үшін жұдырықтасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Күндізгі сессияда рингке Карина Ибрагимова шығады. 57 келідегі жартылай финалда оынң қарсыласы тәжікстандық Мижгоно Самадова болады. Жекпе-жек Астана уақытымен 12:15-те басталады. 

Кешкі сессияда 66 келіде өнер көрсететін Наталья Богданова таиландтық Джанджаем Суваннапхенгпен финалға жолдаманы сарапқа салады. 

Екеуін де Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында да қолжетімді.

Qazsport арнасындағы тікелей трансляцияға сілтеме

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport