Бокс
10 қазан 2019 15:54

Қазақстандық екі боксшы бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

© kfb.kz
Бурятияда (Ресей Федерациясы) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына екі қазақстандық боксшы қыз шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Осылайша, Милана Сафронова 64 келіге дейінгі 1/4 финалда болгариялық Мелис Йонузованы жеңді.

81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Дина Исламбекова италиялық Флавия Севериннен басым болды.

Ал кешкі сессияда жартылай финалға жолдама үшін тағы екі қазақстандық боксшы жұдырықтасады. Фариза Шолтай (81 келі) және Дина Жоламан (54).

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 13 қазанда аяқталады.