1XBET - ставки на спорт

Жарнама

Бокс
Бүгін 12:51
 

Қазақстандық чемпионның нокаутпен жеңістен кейін келесі айқасы белгіленді

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық чемпионның нокаутпен жеңістен кейін келесі айқасы белгіленді ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мадиевтің (19-2-1, 7 КО) келесі жекпе-жегінің өтетін күні мен орны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мадиевтің (19-2-1, 7 КО) келесі жекпе-жегінің өтетін күні мен орны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мадиев рингке 25 шілде күні Алматы қаласында оралады. Ол Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Турнир Али Ахмедовтың промоушені аясында ұйымдастырылады.

Әзірге Мадиевтің қарсыласының есімі жарияланған жоқ.

Айта кетейік, 25 шілдеде Алматыда өтетін бокс кешінің басты оқиғасы Али Ахмедовтың (25-2, 17 КО) жекпе-жегі болмақ. Оның қарсыласы да әзірге белгісіз.


Руслан Мадиев соңғы кездесуін 4 сәуір күні Таиландтың Бангкок қаласында өткізді. Сол жекпе-жекте ол франциялық Флоран Дервиді (14-4, 10 КО) жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, жартылай орта салмақтағы WBA Asia чемпионы атағын қорғап қалған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!