Бокс
15 маусым 15:45

Қазақстандық чемпионның Әлем кубогіндегі айқасы сенсациямен бітті

©ҚБФ

Қазақстан құрамасының боксшысы, 2025 жылғы әлем чемпионы Наталья Богданова Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңінде күтпеген жерден жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда қазақстандық боксшы турнир қожайыны Бао Цзыимен қолғап түйістірді.

Тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қытайлық спортшыға берді. Бао Цзыи төрешілердің бөлек шешімімен (4:1) басым түсті. Осы нәтижеден кейін Қытай боксшысы турнирдің ширек финалына жолдама алды. Ал Наталья Богданова үшін жарыс мерзімінен бұрын аяқталды.

Бұл Қазақстан құрамасы үшін Гуйяндағы Әлем кубогындағы алғашқы жеңіліс болды.

Бұған дейін қазақстандық боксшылар Серік Теміржанов, Нұрбек Оралбай және Сабыржан Аққалықов өз жекпе-жектерінде жеңіске жетіп, келесі кезеңге өткен еді.

Айта кетейік, World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңі 15-21 маусым аралығында Қытайда өтіп жатыр. Турнирге әлемнің үздік боксшылары қатысуда.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport