Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
51 келіде өнер көрсететін Алуа әлем біріншілігіндегі алғашқы жекпе-жегін 1/8 финалдан бастап, оңтүстік кореялық Гаюн Мунға қарсы өткізді.
Үш раундтың барлығында да Балқыбекова төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті. Екінші раундта Алуа қарсыласын нокдаунға түсіргенін айта кету керек.
Алуа Балқыбекова - Азияның екі дүркін чемпионы (2021 және 2022 жылдары), сондай-ақ әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері: 2022 жылы күміс, 2023 жылы қола және 2025 жылы алтын иеленген.
Айта кетейік, бүгін, 9 қыркүйекте рингке тағы сегіз қазақстандық спортшы шығады - үшеуі күндізгі сессияда, бесеуі кешкі бөлімде жұдырықтасады.
Бұл әлем чемпионаты алғаш рет жаңа ұйым — World Boxing аясында өтуде. Турнир 4 қыркүйекте басталып, 14 қыркүйекке дейін жалғасады.
Жарнама