Бокс
5 тамыз 12:20

Қазақстандық бұрымдының АЧ-дегі айқасы төрешілер шешімімен аяқталды

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Жанел Имантай Бангкок (Таиланд) қаласында өтіп жатқан бокстан 2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатында (U-19) ширек финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол оңтүстік кореялық Чжиэ Киммен кездескен болатын.

Бірінші раундта төрешілердің пікірі екіге бөлінді - үшеуі жеңісті Имантайға берсе, екеуі Кимнің пайдасына шешім шығарды. Екінші үш минуттық кезеңде қазақстандық спортшы сенімді өнер көрсетіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Үшінші раундта Жанел қарсыласына жекпе-жек барысын өзгертуге мүмкіндік бермей, бөлек шешіммен жартылай финалға жолдама алды.

Осылайша, Имантай жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдесіне жетіп отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport