Қазақстандық бұрымды боксшы Ангелина Лукас (5-1-0, 2 КО) титулды жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімін өтті, деп жазады Vesti.kz.
Жекпе-жек бүгін, 31 қаңтар Бакуде өтеді. Қазақстандықтың қарсыласы пәкістандық Рома Юсаф (5-0-1).
Боксшылар WIBA тұжырымынша әлем чемпионы атағы үшін таласады. Бұл белбеуді кезінде бокс аңызы Мухаммед Алидің қызы - Лейла Али иеленген екен.