Қазақстандық боксшы Мадира Жұмақан Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымдастыруымен өтіп жатқан U-19 әлем чемпионатының 1/8 финалынан сәтті өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол италиялық Корин Мари Фавимен жұдырықтасып, 5:0 есебімен таза жетті. Үшінші раундта қазақстандықтың қарсыласына нокдаун есептелді. Осылайша, Жұмақан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.
Бүгін, 22 қазанда Айдос Үсенов (55 келі), Ақжүрек Қалабай (65 келі) және Бибарыс Аширбай (70 келі) да өз жекпе-жектерінде жеңіске жетті.
Жарнама