Қазақстандық боксшы Ислам Сүлейманоғлы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Ислам Сүлейманоғлы жергілікті боксшы Баходир Холикуловпен кездесіп, 0:5 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша, қазақстандық спортшы турнирді күміс жүлдемен аяқтады.