Бокс
4 наурыз 12:05

Қазақстандық босшыларға ӘЧ жүлдесі үшін төленетін сыйақы көлемі айтылды

©Сали Сабиров

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 2025 жылы әйелдер арасында өтетін бокстан әлем чемпионатының ақшалай қорын жария етті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл турнир 9 бен 16 наурыз аралығы Сербияның Ниш қаласында өтеді.

Оның жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қомақты сыйақы белгіленген.

Айта кету керек, биылғы әлем біріншілігінің ерекшелігі - ақшалай сыйақы тек жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ғана емес, төртінші және бесінші орын алған боксшыларға да беріледі екен. 

Мәселен, чемпиондарға 100 мың доллар, күміс жүлдегерлерге - 50 мың доллар, ал қола алғандарға - 25 мың доллардан төленеді.

Ал жоғарыда айтып өткендей 4-5-орын үшін 10 мың доллар сыйақы қарастырылған.

Мұның алдында ҚБФ әлем чемпионатына баратын боксшылар тізімін жариялаған. Бұл жарысқа Қазақстан 12 салмақта бәр боксшыдан апарады:

48 кг. Назым Қызайбай;
50 кг. Алуа Балқыбекова;
52 кг. Анита Адишева;
54 кг. Жайна Шекербекова;
57 кг. Карина Ибрагимова;
60 кг. Виктория Графеева;
63 кг. Аида Әбікеева;
66 кг. Жасмин Қизатова;
70 кг. Наталья Богданова;
75 кг. Надежда Рябец;
81 кг. Гүлсая Ержан;
+81 кг. Елдана Тәліпова.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport