Қазақстандық боксшы Виктория Графеева София қаласында (Болгария)өтіп жатқан "Странджа кубогі"-2026 халықаралық турниріндегі алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
60 келіге дейінгі салмақта Графееваның қарсыласы түркиялық Гизем Озер болды. Бірінші раунд 3:2 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді. Екінші үш минуттық кезеңде 4:1 есебімен түркиялық боксшы басым түсті.
Осылайша, кездесудің тағдыры шешуші үшінші раундта анықталды. Бұл кезеңде Графеева айқын басымдық танытып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Виктория Графеева -+ Азия чемпионы, сондай-ақ, 2025 жылғы әлем чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері.