Халықаралық World Boxing ұйымы Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбайдың сенсациялық жеңілісін атап өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
WB материалында оның қарсыласының жеңісі күннің ең жарқын нәтижесі деп аталды.
Нұрек Оралбайдың өзбек боксшымен айқасы сенсациямен бітті
"Қазақстан мен Өзбекстан күннің ең табысты құрамалары атанды. Олар тиісінше жеті және сегіз жеңіске жетті. Бұл екі елдің боксшылары өзара бес рет кездесіп, сол жекпе-жектердің төртеуінде өзбекстандықтар басым түсті.
Күннің ең жарқын нәтижесі - өзбекстандық Жавохир Умматалиевтің 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайды жеңуі болды. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы төрешілердің ортақ шешімімен жеңілді - 0:5", - деп жазады WB.