Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова Бусто-Арсициодағы іріктеу турнирінің ширек финалында жеңілді.
75 келіде Хальзованың қарсыласы Ұлыбритания атынан өнер көрсететін Камерун тумасы Синди Нгамба болды. Жекпе-жек үшінші раундта қазақстандық боксшы үшінші рет нокдаунға түскенде тоқтатылды. Осылайша, Нгамба техникалық нокаутпен жеңіске жетіп отыр және үшінші нокдаунға дейін де 5:0 есебімен басым болған.
Осылайша, Хальзова Париж жолдамасына жете алмады.