Қазақстандық боксшының нокауты аргентиналықтарды "шошытты"

©instagram.com/ivandychko

Аргентиналық punillainforma.com.ar порталының журналисті Клаудио Вера қазақстандық Иван Дычконың (13-0, 12 КО) WBA Fedecaribe белбеуі үшін жекпе-жегіндегі жеңісіне тамсанды. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол бұл айқастағы нокаут аргентиналықтар үшін шок болғанын айтты. 

Өткен аптада Дычко екінші раундта Аргентина боксшысы Ариэл Бракамонтені (12-11, 6 КО) екінші раундта нокаутқа түсірді.

"Ауыр салмақтағы айқас мықты өтті. Қазақстандық боксшы басынан-ақ дағдысы мен адам шошитын күшін көрсетті. Бракамонте қорғанып жүріп дәл соққылармен жауап беріп отырды. Осыдан ұзақ жұдырықтасатындай көрінді, алайда қазақстандық күтпеген жерден Ариеэлді құлатып тастады. Бұл аргентиналықтар үшін шок болды. Бракамонте тұрды, алайда төреші жекпе-жекті тоқтатты. Бұл дұрыс шешім деп ойлаймын. 

Қазақстандық боксшыға таң қалып отырмын. Ол чемпиондық белбеулер үшін аты шыққан боксшылармен айқасу керек", - дейді Вера. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport