Қазақстандық боксшы Нурмагамед Юсупов София қаласында (Болгария) өтіп жатқан "Странджа кубогі"-2026 турнирінде екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
90 келіге дейінгі салмақта Юсуповқа болгариялық Роселин Бачевски қарсы тұрды. Жекпе-жек бірінші раундта тоқтатылды. Болгариялық боксшы дисквалификацияға ұшырап, осыған байланысты жеңіс қазақстандық боксшыға берілді.
Айта кетейік, бұл Юсуповтың Болгариядағы турнирдегі екінші жеңісі. Бұған дейін жарыстың алғашқы күні - 23 ақпанда - ол уэльстік Коннор Уильямсты жеңген болатын.