Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (10-1, 5 КО) кәсіпқойдағы он бірінші жекпе-жегін өткізді, деп жазады Vesti.kz.
Бангкокта (Таиланд) өткен бкос кешінде Лукас индонезиялық Харма Йестимен (1-4-1, 0 КО) жұдырықтасты. Алты раунд қорытндысы бойынша төрешілер жеңісті қазақстандық боксшыға берді.
Алайда алтыншы раундта қызықты оқиға болды, жекпе-жектің ұзақтығына байланысты қайшылықтар туды. Төрешілер алтырншы раундтан кейін шешімді жариялауға дайын болғанымен, Лукастың командасы тағы екі раунд жұдырықтаспақ болған екен.
Осылайша, Лукас кәсіпқойда оныншы жекпе-жегінде жеңіске жетті, ал Йеститөртінші рет жеңілді.