Қазақстандық бұрымды боксшы Ангелина Лукас (9-1, 5 КО) кәсіпқойдағы оныншы жекпе-жегін өткізді, деп жазады Vesti.kz.
Бангкокта өткен бкос кешінде ол үндістандық Мамта Сингхпен (5-2, 2 КО) жұдырықтасты. Бесінші раундта Лукас қарсыласын соққы астына алған сәтте, төреші кездесуді тоқтатты.
Осылайша, қазақстандық бұрымды техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұл айқаста WIBF және WBF сарапқа салынғанын Лукастың өзі мәлімдеген.