Бокс
Кеше 20:48

Қазақстандық боксшының алтын үшін тартысы айқасы төрешілер шешімімен бітті

©

Бүгін IBA өткізірп жатқан әлем біріншілігінің финалында Қазақстан құрамасының төртінші боксшысы Сабыржан Аққалықов финалдық айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz

75 келіде жұдырықтастаын Сабыржанның ақтық айқастағы қарсыласы ресейлік Исмаил Мутсолгов болды. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті тегі шешен боксшыға берді. 

Осылай Аққалықов күміс жүлдегер атанды. Ал Мутсолговқа чемпиондық белбеуді атақты Артур Бетербиев пен ММА файтері Хамзат Чимаев табыс етті. 

Бұған дейін финалға шыққан өзге үш қазақстандық боксшы -  54 келіде Сәкен Бибосынов, 57 келіде Оразбек Асылқұлов және 71 келіде Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионаты алтынын жеңіп алған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport