Бокс
5 тамыз 12:14

Қазақстандық боксшының АЧ жүлдесі үшін айқасында нокдаун болды

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Айым Таңқыбаева Бангкок (Таиланд) қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының ширек финалында жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.

51 келіге дейінгі салмақта оның қарсыласы Моңғолиядан келген Сувд-Эрдэнэ Баянмүнх болды.

Бірінші раунд толықтай қазақстандық боксшының бақылауында өтіп, Айым 5:0 есебімен басым түсті. Екінші раундта Таңқыбаева үстемдігін арттыра түсіп, қарсыласын нокдаунға түсірді.

Үш раунд қортындысы бойынша қазақстандық боксшы айқын басымдықпен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алып отыр. Осының арқасында Айым жарыстың кемі қола жүлдесіне ілігіп отыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport