Бокс
11 желтоқсан 07:19

Қазақстандық боксшының ӘЧ жүлдесі үшін айқасы сенсациямен бітті

©IBA

Қазақстан құрамасының боксшысы Даниял Сәбит IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл кезеңде оған Замбия боксшысы Патрик Чинемба қарсы тұрды. Кездесу 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті.

Алғашқы үш минуттық кезең Чинембаның пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. Екінші раунд дәл осындай есеппен Сәбиттің еншісіне жазылды. Ал үшінші раундта күтпеген жерден Чинемба басым түсіп, нәтижесінде жекпе-жек 5:2 есебімен аяқталды. Осы жеңіспен ол жартылай финалға өтіп, кепілді түрде жарыстың қола жүлдесіне жетіп отыр.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport