Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев Дубайда (БАӘ) IBA өткізіп жатқан бокстан әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
67 келіге дейінгі салмақтағы 1/16 финалда ол Замбия боксшысы Джеральд Кабиндудан 4:1 есебімен басым түсті.
Бүгін Қазақстан атынан рингке Ерасыл Жәкпеков (80 кг) және Дәулет Төлемісов (86 кг) те шығады.
Жарнама