Қазақстандық Ақбота Есімбекова 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатының финалына өте алмады. Жарыс Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
65 келі салмақтағы жартылай финалда ол жапониялық Аринда Акимотомен жұдырықтасты. Бұл кездесуде 5:0 есебімен Акимото айқын жеңіске жетті.
Осылайша, Есімбекова құрлықтық турнирдің қола жүлдегері атанды.