Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Дубайдағы (БАӘ) әлем чемпионатының 1/4 финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
60 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Теміржановқа Замбиядан келген Эндрю Чилата қарсы тұрды.
Бұл жекпе-жек қазақстандық боксшы қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді. Теміржанов замдиялықты бауырына қатты және дәл соққымен тоқтатып тастады.
Теміржанов әлем чемпионатының (2021) және Азия чемпионатының (2022) күміс жүлдегері екенін айта кетейік.